”Жас мамандар” мектебінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес желтоқсан айының 22 күні Шұбарши мектеп-бөбекжай балабақшасында «Жас мамандардың педагогикалық кәсіптік шеберлігін арттыру» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинарға 30-ға жуық жас мамандар мен тәлімгерлер қатысты.
Семинарды Шұбарши мектеп-бөбекжай-балабақшасының директоры Нуржанова Алия Маратовна ашып, жаңа мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Мектеп-психологы Гулжан Нұрашқызы ұйымдастырған психологиялық тренингтен соң әдістемелік көмек беру мақсатында панарамалық сабақтар мен шебер-сыныптар өтті. Математика пәнінің мұғалімдері Дина Тлегеновна мен Назигуль Сериковна, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Светлана Умирхановна іс-тәжірибесімен бөліссе, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кулшат Женисбайкызының көрсеткен тиімді әдіс-тәсілдері жастарға үлкен мотивация берді.
Бастауыш класс мұғалімі Төлеуова Сұлу Қобланқызы ұйымдастырған «Бақыт мекенінде» іскерлік кездесу қызықты әрі өте әсерлі өтті.
Жас мамандарға арналған семинар соңын әдістемелік кабинеттің әдіскері Гүлдана Жұмабайқызы қорытындылап, іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерді Темір ауданының білім бөлімі басшысы атынан марапаттады.
Ұйымдастырушы: әдістемелік кабинеттің әдіскері Қалиева Гулдана Жумабаевна







