Темір аудандық білім бөлімінің ресми сайтына қош келдіңіз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпыға бірдей білім беру қоры әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларға мемлекеттік білім беру стандартында қарас­тырылған білім алу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған.

          Көмек қаржылай немесе кеңсе тауарлары, мектеп және спорт киімдері, аяқ киім түрінде ұсынылады. Сонымен қатар көмек жазғы лагерьлерге баруды, тамақтануды, мәдени және әлеуметтік шараларға қатысуды қамтиды.

2023 жылы жалпыға міндетті білім беру қорынан кепілдендірілген пакет аясында көмек алатын жекеленген санаттағы оқушылар анықтау мақсатында Темір аудандық білім бөлімі қарасты 27 білім беру ұйымы бойынша отбасыларды зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстары барысында отбасылардың тұрмыс жағдайы, ата-аналарының жұмыс орны және тұрғын үйлерді зерделеп, барлық мектеп бойынша 766 оқушының ата-анасы тарапынан өтініш алынып, жекеленген санаттар бойынша оқушылар тізім жасақталды.

Аталған аз қамтылған отбасы балалары санатына — мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалары, отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары, жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалары, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалары және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалары жатады.

2023 жылдың жоспарына сәйкес барлық білім беру ұйымына мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланып, 13 білім беру ұйымында ұтып алушы анықталып, 2023 жылдың ақпан айынан бастап аталған білім беру ұйымдарында 626 жекеленген санат оқушыларына тегін ыстық тамақ берілуде.

2023 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап облыс әкімінің қаулысы негізінде барлық білім беру ұйымдарының 1-4 класс оқушылары 1 реттік ыстық тамақпен қамту үшін қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу порталында Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысымен бекітілген ас мәзіріне сәйкес конкурс жарияланып, нәтижесінде Шұбарқұдық гимназиясына ұтып алушы анықталып және ағымдағы жыл басынан ұтып алушысы бар 13 мектепке қосымша келісім шарт жасалып, барлығы 17 мектепте 1-4 класс және тамақтану жекеленген санат оқушыларына ұйымдастырылуда.

Ал, қалған 10 мектепте тамақтануды ұйымдастыру үшін мемлекеттік сатып алу порталында конкурс аяқталып, 2023 жылдың 16 қазан айынан бастап тамақтану ұйымдастырылып, оқушылар тамақтануда.

Бөлінген қаражат сомасы – 114825,0 мың теңге. Қамтылатын оқушы саны- 3157.

Қаржылай көмек бойынша 2023 жылы 771 жекелеген санат оқушының  ата-аналарынан өтініш алынып, бір жолғы әр балаға 40 567 теңге көлемінде қаражат ата-ана есепшотына аударылды.

Мектеп оқушыларына жалпы білім беру қоры мен «Мектепке жол» акция­сы аясында қолдау көрсетіледі. Егер ата-ана белгілі бір себептермен жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек алушылар санатына кіре алмаса, онда отбасыларға демеушілерді тарта отырып, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шеңберінде көмек көрсетіледі. Жоғары оқу орындарына гранттар бөлінеді, колледждерде мемлекеттік тапсырыс қарастырылған. Мектепке дейінгі ұйымдарда орын алу құқығы – бірінші кезекте. Қосымша білім беру ұйымдарында жеңілдіктер қарастырылған. 

Ауданымыз бойынша 450–ге жуық оқушыға, 8 500 000 теңгеге аталған акция бойынша көмек көрсетілді.