Темір аудандық білім бөлімінің ресми сайтына қош келдіңіз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан айының 20-21 күндері Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Құралай Илясовна Темір ауданының жалпы орта білім беретін мектептеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді.
✅Мақсаты: Жалпы білім беруде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің берілуін, ҚР мемлекеттік стандартын орындауда іс-шаралардың жүзеге асуын зерделеу.
✅Шұбарқұдық гимназиясы, №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы,№2 Шұбарқұдық қазақ-орыс ЖОББМ, №3 Шұбарқұдық ЖОББМ, №4 Шұбарқұдық ЖОББМ, Қызылжар ЖОББМ, Ж.Кереев атындағы ЖОББМ, Қопа ЖОББМ мектептерінде зерделеу жұмыстарын жүргізе отырып, пән мұғалімдерімен кездесті, әдістемелік көмек беріп, көкейде жүрген сұрақтарға жауап берді.