Желтоқсан айының 6 күні Шұбарқұдық гимназиясында жас мамандарға «Тиімді әдіс-тиімді сабақ» тақырыбында коучинг-сессия ұйымдастырылды. Әдістемелік көмек беру мақсатында ұйымдастырылған бұл шараны әдістемелік кабинеттің әдіскері Қалиева Гүлдана Жұмабайқызы жүргізді.
Көңілді психологиялық ахуалмен басталған коучинг барысында жас мамандар тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісіп, топтық жұмыс жасады. Тығырықтан шығуды, бірлесе жұмыс жасауды үйренді. Тиімді сабақ ұйымдастыру үшін тиімді әдістерді таңдауда әдіістемелік көмек берілді.Жас мамандарда кездесетін проблемалармен бөлісіп, оның себептері мен қиындықтары анықталды.
Коучинг соңында «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы кері байланыс алынды.


