Темір аудандық білім бөлімінің ресми сайтына қош келдіңіз

 

 

 

САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРАТЫН ТИІМДІ ӘДІСТЕР
🔹Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес желтоқсан айының 21 күні №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс ЖОББ мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Сапалы білім беруде оқушылардың қызығушылығын арттыратын тиімді әдістер» тақырыбында облыстық семинар өтті.
🔹Өзара тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, тиімді әдістермен бөлісу, сындарды көзғарасын қалыптастыру, мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинарға 60-қа жуық педагог қатысты.
🔹Семинарға қатысушыларды №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс ЖОББМ директоры Бибігүл Әбуқызы қарсы алып, мектептің кішкене бүлдіршіндері қатысушыларға әдемі көңіл-күй сыйлады.
🔹Семинарды Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Құралай Илиясовна ашып, алдағы үлкен жұмыстың бірі емтихан туралы ақпарат беріп, семинардың мақсат-міндетіне тоқталып қатысушыларға сәттілік тіледі.
🔹Семинар барысында №3 Шұбарқұдық ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ізбасар Жасұлан Елеубайұлы «Оқушыларды шығармашылыққа бағыттауда «Дебаттың» рөлі», Балмуханова Назгуль Сергеевна «Әдеби шығармаларды оқытуда комиксті қолдану», №4 Шұбарқұдық ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабенова Нургуль Жоламановна «Бағалауға арналған тапсырмаларды қалай құрастыруға болады?», Ж.Кереев атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нургалиева Айнура Издашевна «Көркем шығарманы оқытудағы «Effective ways»», №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Нұрмұқан Сандуғаш Мақсатқызы «Заманауи білім берудегі креативті әдіс-тәсілдер» ,Коптлеуова Кунсулу Сабитовна «Гибридтік оқытуда» заманауи мехнологияларды пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
🔹Темір аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің әдіскері Калиева Гулдана Жумабаевна қорытындылап, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталыққа өз алғысын білдірді.

 

 

 

 

ТЕМІР АУДАНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ ӘДІСКЕРІ:          КАЛИЕВА Г