Ағымдағы жылы қараша айының 28 күні дәстүрлі республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңі ауа-райының қолайсыздығына байланысты онлайн форматта өтті.
Фестивальдің мақсаты-педагогтердің кәсіби өсуін ынталандыру, инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Фестивальге барлық типті білім беру ұйымдарының басшылары, педаготері, тәрбиешілері қатысты.
Дәстүрлі республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне 25 педагог өз жұмыстарын ұсынды.
Сараптаушы комиссияның шешімімен төмендегідей жеңімпаздар анықталды.
«Шеберлік палитрасы» бойынша (пән мұғалімдері):
2-орын Бактыгулова Жамал Ұзақбайқызы- Алтықарасу мектеп – балбақшасының көркем еңбек пәні мұғалімі
2-орын Қуанова Жумазия Кафизовна- Шұбарқұдық гимназиясының тарих пәні мұғалімі 3-орын Төлеген Мөлдім Зейноллақызы-№1 Шұбарқұдық мектеп—гимназиясының география пәні мұғалімі
3-орын Өтесін Мәди Өтесінұлы-Шұбарқұдық гимназиясының биология пәні мұғалімі
3-орын Құдайберген Айдана Асқатқызы- №4 Шұбарқұдық ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
3-орын Салиманова Жаңылсын Кадиржановна-№1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі



