Желтоқсан айының 26 күні Темір ауданының білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі Каплиева Айгуль Кыдырбаевнаның жетекшілігімен білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне байланысты «Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда функциональды сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Биылғы оқу жылында Темір ауданынан 9 мектеп ББЖМ-ке түсіп отыр. Олар: №6 Шұбарқұдық НОМ, Шұбарқұдық гимназиясы, №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы, №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс ЖОББМ, Қызылжар ЖОББМ, Байшев ЖОББМ, Қопа ЖОББМ, Саркөл ЖОББМ, Шұбарши МББ.
Семинарға 40-тан астам білім беру ұйымдарындағы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен пән мұғалімдері қатысты. Семинар онлайн форматта ұйымдастырылды.
Семинарда 4 және 9-сыныптар үшін ББЖМ МЖМБС талаптарына сәйкес функционалдық сауаттылық деңгейін, білім мен дағдыларды, аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін анықтау үшін тапсырмалар берілді.Теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, жұмыс жасады.
Ұйымдастырушы: әдістемелік кабинеттің әдіскері Қалиева Гулдана Жумабаевна






