Темір аудандық білім бөлімінің ресми сайтына қош келдіңіз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» ММ
Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі 5.
e-mail: temir.bilim@mail.kz
(конкурсты ұйымдастырушының атауы, пошталық және электрондық мекенжайлары)

Темір ауданының білім бөлімі жеке мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға 75 орынға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйым Темір ауданының білім бөліміне мынадай құжаттар тапсырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

Конвертке салынған конкурстық өтінімдерді конкурсқа қатысушылар «Темір ауданының білім бөлімі» ММ-не төмендегі мекен- жай бойынша : Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кенті , Желтоқсан 5, қабылдау кабинетіне тапсырады немесе көрсетілген электрондық поштаға жолдайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2024 жыл 11 қаңтар айы жер.уақыт сағат 12:00.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 2024 жылдың 16 қаңтар сағат 15:00-де төмендегі мекен- жайда: «Темір ауданының білім бөлімі» ММ , Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кенті. Желтоқсан көшесі 5 ашылады.
Комиссия мүшелері қатарынан айқындаған тұлғалар келесі 2024 жылдың 19 қаңтар күні ұсынылған құжаттардың осы қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттарды қарау және мектепке дейінгі ұйымға бару нәтижелері бойынша Комиссия осы қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды мына телефон арқылы алуға болады.
8 (71346) 2-27-48