Жаңалықтар
Қаңтар айының 23 күні Темір ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеті барлық білім беру мекемелердегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына арналған әдістемелік вебинар өткізді. ✅ Әдістемелік вебинар барысында МЖБББС, үлгілік оқу жоспары мен үлгілік оқу бағдарламаларының концептуалды негіздері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ✅ Вебинарға аудандағы 27 мектептегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Құрметті аудан тұрғындары! Білім бөлімінің сенім телефоны өз қызметін жалғастыруда. Туындаған кез-келген сұрақтарыңыз болса төмендегі байланыс нөмерлеріне хабарласуларыңызға болады. Сенім телефоны: 8/71346/23094 Call- орталығы : 8 778 303 53 35
Шұбарши мектеп-бөбекжай-балабақшасының мектепалды сынып тәрбиешісі Табылдина Жидеш «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының аясында балаларға ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында ағаш үй макетін дайындады. Негізгі идея Жидеш апайдікі болғанымен, бұл макет ағаш шебері Әлішер Әлібиұлының қолынан шыққан. Ағаш үйдің арқылы Мектепалды даярлық сыныбының бүлдіршіндері саусақ моторикасын дамытады, сөздік қорын байытып, қазақтың ағаш үйі туралы, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпы туралы […]
Қаңтар айының 10 күні жыл бойына жастар қозғалысының дамуына белсене араласып, әр салада өзінің кәсіби шеберлігін көрсеткен, ел өміріне елеулі үлес қосқан жастарымызды анықтайтын «TEMIR AWARDS — 2023» аудандық жастар сыйлығының марапаттау кезеңі аяқталды. «Үздік жас маман» жеңімпаздары: 1. Насрединова Аяжан Армановна-Құмсай НОМ-нің математика пәнінің мұғалімі 2. Байназар Қазбек Байназарұлы- […]
Қаңтар айының 5 күні «Жас мамандар» мектебінің І отырысы өтті. Отырысқа «Жас мамандар» мектебінің мүшелері қатысты. Отырыс барысында төмендегідей мәселелер қаралды. 1. «Жас мамандар» мектебінің ережесі, бұйрығы, мақсат-міндетімен таныстыру; 2. 2023 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың есебі; 3. 2024 оқу жылына жоспар жаңа жоспар құру; 4. Мектептегі жас мамандар жұмысындағы олқылықтар.
Пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Жаңа жылдық мерекелерге де аз уақыт қалды. Пиротехникалық бұйымдардың барлық түрлері сатылымда пайда болды. Олар сатып алушыларды түрлі-түсті пакеттермен және алдағы мерекелерден ұмытылмас әсер алуға уәде береді. Өкінішке орай, кейде мерекеден мүмкіндігінше көп әсер алуға деген ұмтылыс қауіпті жағдайларға апарып соқтырады. […]
Жасы зейнеткерлікке жақындаса да өзінің мамандығына сүйіспеншілікпен қарап, бойындағы күш-жігерін балаға беріп, оқытудың заманауи әдісін ұсынып жүргендер кемде-кем. Осындай жанның бірі-Шұбарши мектеп-балабақшасының мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Табылдина Жидеш. Жидеш апай өте қарапайым, шығармашыл жан екен. Биылғы оқу жылында мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілеріне арналған ағаш үй пішінді құрастырмалы ойыншық жасапты. “Бұл […]
Желтоқсан айының 26 күні Темір ауданының білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі Каплиева Айгуль Кыдырбаевнаның жетекшілігімен білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне байланысты «Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда функциональды сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Биылғы оқу жылында Темір ауданынан […]
Білім беру саласындағы 2023 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған мақсат- міндеттер мен ұсынымдар жүзеге асырылды. Білім алушылардың функционалдық және танымдық құзыретіліктерін дамытуға бағытталған жобалар өз нәтижесін берді. Педагогикалық кадрлар құрамының біліктілік және кадр қажеттілігін қамтамасыз ету аясында тиімді бірлескен жұмыстар жүзеге асырылды.
