«ҮЗДІК ПСИХОЛОГ КАБИНЕТІ» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫ
Темір ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 27 қараша күні «Үздік психолог кабинеті» қашықтық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Аудандағы білім беру ұйымдарындағы ең үздік психологиялық кабинетті анықтау (байқау ережесіне сәйкес).
Байқауға білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының бейнебаяндары ұсынылып, әділқазылар тарапынан бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Шұбарши мектеп бөбекжай- балабақшасы;
І орын – Шұбарши жалпы орта білім беретін мектебі;
ІІ орын – С.Байшев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
ІІІ орын – Қопа жалпы орта білім беретін мектебі;
«Жағымды кабинет» номинациясы — Алтықарасу мектеп-балабақшасы;
«Шығармашыл психологиялық кабинет» номинациясымен — №3 жалпы орта білім беретін мектебі иеленді.
Аудандық «Үздік психолог кабинеті» байқауының бас жүлде иегері Шұбарши мектеп бөбекжай- балабақшасының жұмысы облыстық кезеңге ұсынылды.
ЖЕҢІМПАЗ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


