Темір аудандық білім бөлімінің ресми сайтына қош келдіңіз

         «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-сі  мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының бос басшы  лауазымдарына конкурс жариялайды
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары:

1. «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» ММ «Зере» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Мекенжайы: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ ауылдық округі, Кеңқияқ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 11Б

Орта білім беру ұйымдары:
1.  «Ақтөбе облысының білім басқармасы  Темір ауданының білім бөлімі» ММ «Кеңқияқ жалпы орта білім беретін мектеп» КММ;
Мекенжайы: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ ауылдық округі, Кеңқияқ ауылы, Балуанова көшесі, 11Б үй

  1. «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» ММ «Құмсай жалпы білім беретін орта мектебі» КММ;
    Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Саркөл ауылдық округі, ҚҰмсай ауылы, Ж.Обай көшесі, 25 ғимарат
  2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» ММ «М. Әуезов атындағы негізгі орта мектебі» КММ;
    Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Саркөл ауылдық округі, Қопа ауылы, Жайлыбай көшесі, 5
  3. «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» ММ «Кеңесту негізгі орта мектебі» КММ;
    Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңесту ауылдық округі, Қалмаққырға станциясы, С.Бекниязов көшесі, 38
  4. «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» ММ «Бабатай негізгі орта мектебі» КММ;
    Мекенжайы: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылдық округі, Бабатай ауылы, Тұрдалыұлы көшесі, 2
  5. «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» ММ «Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ;
    Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылдық округі, Құмқұдық ауылы, Мектеп көшесі, 11

Қосымша білім беру ұйымдары:

1. «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» ММ «Темір аудандық оқушылар үйі» МКҚК
Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылы, Ж.Кереев көшесі, 17 Б

2.«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» ММ «Кеңқияқ музыка  мектебі» МКҚК
Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ ауылы, Қ.Балуанова көшесі, 111Б

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:
Арнайы білім беру ұйымдары:

1.«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Темір ауданындағы педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті» КММ;
Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық ауылы, Желтоқсан к-сі, 5 үй

Басшы қызметіне қысқаша сипаттама:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.
Басшы  лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
1) Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысы:
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде — үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;
немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог — зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі — МДҰ) қызметін басқарады.
Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады.
Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.
Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді.
Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.
Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді.
Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді.
Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.
Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.
Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.
Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді.
Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.
Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.
2) Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшысы (директор, меңгерушісі):
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының не «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы.
осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
2) Шағын жинақты мектеп басшысының (директоры) үшін:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының не «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.
Педагогикалық кеңесті басқарады.
Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.
Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.
Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.
Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.
Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.
Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.
Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.
Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.
Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.
Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.
Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.
3) Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшысы (директоры):
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не «басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары» немесе «басшының екінші біліктілік санатты орынбасары» немесе «білім беру ұйымы» не «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы», «басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары» біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.
Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады.
Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды.
Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.
Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.
Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.
Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.
Басқару құрылымын анықтайды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады.
Педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
Оқу-материалдық базаны сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді.
Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді.
Есептілікті дайындауды және қажетті ұсынуды қамтамасыз етеді.
Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
4) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:
Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті басқарады;
мемлекеттік стандарт талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процестерінің кестелерін, ішкі тәртіп қағидаларын бекітеді;
білім беру ұйымы қызметкерлерінің басқару құрылымын, штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін қажетті жағдайларды, қоғамдық тамақтануды, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін жағдайлар жасайды;
қаржы-шаруашылық қызметіне, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалануға жауапты болады;
жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді;
қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйіне, оның ішінде материалдық және ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалануға бақылауды жүзеге асырады және жауапты болады;
материалдық-техникалық базаны қайта жарақтандыруды және қайта ұйымдастыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
білім беру ұйымының білім беру қызметінің саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді;
кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;
үздіксіз кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады;
жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді.;
жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді;
әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады;
уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (мекемелері) басшыларының біліктілігін беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;
білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне дұрыс және уақытылы әкімшілік деректерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
педагогика және психология негіздері;
қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
басқарудың инновациялық әдістері;
экономика негіздері, Қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері;
құқық негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары;
компьютерлік сауаттылық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздері.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы (мекеме) басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;
оқу орнының кадрлар даярлау бейініне сәйкес келетін бір немесе бірнеше біліктілік бойынша орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріндегі басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
бейіні бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы (басшының орынбасары) лауазымында кемінде 2 жыл өтілі бар;
педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы (оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде);
немесе «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» не «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы.
5) Арнайы білім беру ұйымдары:
Лауазымдық міндеттері:
арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді;
педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;
білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады;
білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді;
әдістемелік жұмысты басқарады;
құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді;
бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;
педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді;
ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;
өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
педагог кадрларды және қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
педагогикалық кеңесті басқарады;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және арнайы (түзету) білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;
арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Арнайы білім» («Дефектология») бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;
аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары (autism-орталық) үшін жұмыс өтілі арнайы білім беру ұйымдарында немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында (аустим (autism) -орталық) кемінде бір жыл немесе арнайы білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (аустим (autism) -орталық) басшысы лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизм орталықтарының бөлімшелері немесе аутизм орталықтарында лауазым бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтар үшін;
осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Лауазымдық міндеттері:
білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады;
білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастырады;
білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлесіп жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестелерін, ішкі тәртіп қағидаларын және өзге де нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
ұйым қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
кәсіптік–еңбек, оқу–танымдық, дене шынықтыру–сауықтыру бағытындағы компоненттерді қамтитын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің жеке бағдарламаларын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушінің жеке басының ақыл-ой, эмоционалды және дене бітімінің дамуына, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыруға, даралықты дамыту, азаматтылық пен патриотизмге, өз еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу үшін жағдай жасау жолымен зияткерлікті байытуға ықпал ететін өмір сүру, оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті, үй жағдайларына жақындатылған жағдайларды қамтамасыз ету жолымен мемлекеттік көмекке және қолдауға мұқтаж балалардың білім беру бағдарламаларын — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ және басқа халықтардың тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін білуге;
ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқу процесінде жағдай жасайды;
психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық-психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады;
оқу-тәрбие процесінің материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді;
оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді;
мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдарының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;
кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін растау жөніндегі, сондай-ақ тәрбиеленушілерді отбасына одан әрі бейімдеуге психологиялық даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру арқылы тәрбиеленушілерді отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына) орналастыруды және беруді қамтамасыз етеді;
асырап алушы ата-аналарды даярлау бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне өмірлік қиын жағдайды еңсеруде жеке психологиялық консультация беруді ұйымдастыру арқылы әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді;
білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің заңды өкілі болады;
тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды;
отбасына реинтеграция (биологиялық отбасымен біріктіру) мақсатында тәрбиеленушілердің жақын туыстарын іздеу бойынша жұмысты ұйымдастырады.;
тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады;
заңнамада белгіленген шектерде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына билік етеді, құрылтайшылардың қаржы және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуына жауап береді;
педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
педагогикалық кеңесті басқарады;
белгіленген тәртіппен аттестаттауды және педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) рәсімін жүргізеді;
кәсіби жетістіктері бар педагогтерді және білім беру ұйымының басқа да қызметкерлерін көтермелеуге ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
қоғаммен байланысты жүзеге асырады;
мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді,
психологиялық қызметтің жұмыс жоспары және құрамын бекітеді;
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі және (немесе) білім беру ұйымдарының басшысы немесе басшының орынбасары лауазымындағы өтілі – кемінде екі жыл;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» не «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы.;
осы тармақтың 2, 3-азат жолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Лауазымдық айлықақы мөлшері: 126 754 тг — 153 743тг аралығында.
Облыстық білім басқармасы хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не мемлекеттік корпорацияға не порталға мынадай құжаттарды береді:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты;
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме (қосымша жалғанған үлгіге сәйкес).
12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.
Байқауға қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру Басқарманың ресми интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланған сәттен бастап, Мемлекеттік корпорацияға немесе «Ақтөбе облысының білім  басқармасы» ММ-не  мына мекен-жайға  тапсыруы қажет: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 540 кабинет. «Ақтөбе облысының білім  басқармасы» ММ. Анықтама телефоны: +7 7132 56 85 39, +7 7132 56 85 40
Қызметке қабылданғандарға көшіп-қону, көтерме қаржысы төленбейді, тұрғын үй және түрлі жеңілдіктер берілмейді.
Бұнымен қоса, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57  «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 13-тармағына сәйкес, конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттама

Аты Түрі мен өлшемі
Хабарландыр(вакансия) docx, 35 КБ Қараңыз Жүктеу