Желтоқсанның 4 күні №6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебінде шағын жинақты мектептің педагогтеріне арналған «Оқушыға бағытталған білім-сапаның негізі» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Семинарды мектеп басшысы Ғабит Аманғалиұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі..
Семинар психологиялық тренингпен басталды. Содан соң орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Іңкәр Ғалымқызы «Гуманитарлық пәндерді конструктивті оқыту әдістері» , география пәнінің мұғалімі Алима Сағынайқызы «Оқытуда заманауи әдістерді пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» тақырыбында коучинг-сессия өткізсе, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Болат Сатыпалдыұлы «Ағаштан бұйым жасау, ою-өрнекпен безендіруде» тақырыбында STEM технологиясын қолдана отырып, шебер-сынып өткізді.
Семинар соңында «Асық терапиясы» жобасымен таныстырып, «Сыр сұхбат» арқылы кері байланыс алынды.
Семинарды әдістемелік кабинеттің әдіскері Гүлдана Жұмабайқызы қорытындылап, іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерді Темір аудандық білім бөлімі басшысының атынан марапаттады.



