Темір аудандық білім бөлімінің ресми сайтына қош келдіңіз

 

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсанның 4 күні  №6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебінде шағын жинақты мектептің педагогтеріне арналған  «Оқушыға бағытталған білім-сапаның негізі» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Семинарды мектеп басшысы Ғабит Аманғалиұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі..

Семинар психологиялық тренингпен басталды. Содан соң  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Іңкәр Ғалымқызы  «Гуманитарлық пәндерді конструктивті оқыту әдістері» , география пәнінің мұғалімі Алима Сағынайқызы  «Оқытуда заманауи әдістерді пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» тақырыбында коучинг-сессия өткізсе, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Болат Сатыпалдыұлы  «Ағаштан бұйым жасау, ою-өрнекпен безендіруде» тақырыбында   STEM технологиясын қолдана отырып, шебер-сынып өткізді.

Семинар соңында  «Асық терапиясы» жобасымен таныстырып, «Сыр сұхбат»  арқылы кері байланыс алынды.

Семинарды әдістемелік кабинеттің әдіскері Гүлдана Жұмабайқызы  қорытындылап, іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерді Темір аудандық білім бөлімі басшысының атынан марапаттады.