Білім беру ұйымдарының жылыту қазандығын жаңартуға облыстық білім басқармасынан 8млн 348 мың теңге қаржы бөлінді. №2 мектепке, Молдагулова мектебіне жылыту қазандығын және Құмсай НОМ, Еңбекші МБ, Шұбарқұдық гимназиясына насос алуға мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып «Өнер» ЖК жеңімпаз атанды. Қазандықтар уақытылы орнатылып, қазіргі уақытта жұмыс жасауда.
2.Кеңкияқ ЖОББМ жөндеу жұмыстары 2023 жылдың 2 маусым күні басталып, жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілді. 1-ші қабаттағы жарылған жарлардың барлығын құлатып, қайтадан экотон кірпішімен қаланды. Сол бірінші қабаттың едендеріндегі кафельдерін алып тастап, тұтастырғы (стяжка) құйылды. Дәретханалардың жарларын құлатып, экотон кірпішімен қайтадан көтеріп және дәретханадағы едендеріне тұтастырғы (стяжка) құйылды. Дәретхана құбырларын жаңадан қазып, орталық кәріз жүйесіне қосылды. Мектеп бойынша барлығы 12 дәретхана бар. Бірінші қабатта орналасқан 6 дәретханаға толық жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес барлық жұмыстар уақытында орындалды. Кеңқияқ жалпы орта білім беретін мектебінің жөндеу жұмыстарының уақытында жүргізілуі үнемі бақылануда болды.
Жоспарға сәйкес тамыз айының 15 — не дейін жөндеу жұмыстары аяқталды. Мектептің жөндеу жұмыстарына демеушілік жасап отырған ТОО «Ада Ойл» фирмасы. Жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат 44 800 000 тенге.