Қаңтар айының 24-і күні бастауыш сынып оқушыларына арналған Республикалық «Бастау» атты математикалық құрама топтық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты-математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын дамыту және қолдау.Олимпиадаға ауданнан 22 мектептің оқушылары қатысты. Оқушылардың білімін әділ қазылар алқасы бағалап, тәуелсіз бақылаушы ретінде ата-аналар бақылады.Үш кезең бойынша бақ сынаған оқушыларды әділ қазылар алқасы бағалап, төмендегідей орындар тағайындалды.
1.Қазақ сыныбы бойынша:
І орын «Жеңіс» тобы (Шұбарқұдық гимназиясы)
ІІ орын «Жалын» тобы (№6 Шұбарқұдық НОМ)
ІІІ орын «Эрудит»тобы (№1 Шұбарқұдық МГ)
2.Орыс сыныбы бойынша:
І орын «Математические звездочки» (№2 Шұбарқұдық қазақ-орыс ЖОББМ)
ІІ орын «Игрики» (Ж.Кереев ат.ЖОББМ)
ІІІ орын «Знайки» (Кеңқияқ ЖОББМ)
Олимпиаданың «Математикалық бәйге» кезеңі бойынша ерекше көзге түскен төмендегі оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды:
Бердалы Жансерік- №4 Шұбарқұдық ЖОББМ 4 сынып оқушысы;
Ермұқанов Дияр- №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс ЖОББМ 4 сынып оқушысы;
Ранчугов Данил- №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс ЖОББМ 3 сынып оқушысы;
Сүйекбай Әмір- Ә.Молдағұлова ат.НОМ 3 сынып оқушысы;
Бекарыс Әли- №6 Шұбарқұдық НОМ 2 сынып оқушысы;
Темірхан Айдар- Кеңесту НОМ 4 сынып оқушысы.
Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!
Әдіскер: Ж.Китарова