Темір аудандық білім бөлімінің ресми сайтына қош келдіңіз

ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ.

           Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы» демекші, биылғы жылы жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса мән берілді. Осы орайда, аудан әкімі Саламат Ермұханұлы мен биылғы оқу жылының түлектерін кездестіру ұйымдастырылды. Кездесуге Темір ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан 57 түлек қатысты, оның ішінде 33 «Алтын белгі» төсбелгісіне және 24 ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер. Аудан әкімі мен түлектер болашақ мамандық, елге қызмет ету, өмірдегі қызық сәттер мен тәжірибе төңірегінде еркін сұхбат құрды. Түлектер аудан әкімінен көкейіндегі сұрақтарға жауап алып, болашақта мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы пікір алысты. Кездесу соңында аудан әкімі түлектермен «Мен қазақпын» өлеңін бірге шырқап, түлектерге алғыс хат табыс етті.