Темір аудандық білім бөлімінің ресми сайтына қош келдіңіз

 

 

 

 

 

Қаңтар айының 30 күні Темір ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік вебинар ұйымдастырды.
✅Вебинар барысында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізетін мектептер дайындық жұмыстары туралы ақпарат беріп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
✅Биылғы оқу жылында орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу Темір ауданынының 9 мектебінде жүзеге асырылмақшы. Олар: Шұбарқұдық гимназиясы, №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы, №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс ЖОББМ, Қызылжар ЖОББМ, Қопа ЖОББМ, Саркөл ЖОББМ, С.Байшев атындағы ЖОББМ, Шұбарши МББ, №6 Шұбарқұдық НОМ.
✅Мектептерге мониторинг ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, білім алушылар үшін қауіпсіз жағдайдарды тиісті ұйымдастыруды, техника мен компьютерлік сыныптардың дайындығын, компьтерлердің интернет желісіне қосылу жылдамдығының жеткілікті болуын, мониторингке қатысатын білім алушылардың қатысуын қадағалау ұсынылды.

 

Әдіскер Калиева Г.Ж