Темір аудандық білім бөлімінің ресми сайтына қош келдіңіз

 

Шұбарши мектеп-бөбекжай-балабақшасының мектепалды сынып тәрбиешісі Табылдина Жидеш «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының аясында балаларға ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында ағаш үй макетін дайындады. Негізгі идея Жидеш апайдікі болғанымен, бұл макет ағаш шебері Әлішер Әлібиұлының қолынан шыққан.
Ағаш үйдің арқылы Мектепалды даярлық сыныбының бүлдіршіндері саусақ моторикасын дамытады, сөздік қорын байытып, қазақтың ағаш үйі туралы, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпы туралы ақпарат алады.
Диаметрі 2 м 20 см, биіктігі 1 м 69 см ағаш үй оқушылардың бойына ыңғайлы, сапалы, әдемі жасалған. Ағаш үйдің ішіне бүлдіршіндер еркін сыйып, асық ойнап, ән салып , сурет салуға да мүмкіндіктері бар.
Ұлттық құндылықтарға бағыттайтын осындай іс-шараларды жүзеге асыруда Шұбарши МББ сәттілік тілейміз.