Жасы зейнеткерлікке жақындаса да өзінің мамандығына сүйіспеншілікпен қарап, бойындағы күш-жігерін балаға беріп, оқытудың заманауи әдісін ұсынып жүргендер кемде-кем. Осындай жанның бірі-Шұбарши мектеп-балабақшасының мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Табылдина Жидеш.
Жидеш апай өте қарапайым, шығармашыл жан екен. Биылғы оқу жылында мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілеріне арналған ағаш үй пішінді құрастырмалы ойыншық жасапты. “Бұл қол моторикасын дамытуға арналған, бүлдіршіндердің денсаулығына зияны жоқ. Бүлдіршіндер құрастыру арқылы ұлттық құндылыққа тәрбиелей отырып, қазақтың киіз үйі туралы ақпарат алады, қалай құрылу керектігін үйренеді, құрылысымен танысады және жуан-жіңішке, ұзын-қысқа деген ұғыммен де танысады. Тағы да жобаларым бар, жақында бітіп те қалар»,- деді.
Әдістемелік кабинеттің әдіскері Қалиева Гулдана Жумабаевна




