- Кеңкияқ елді мекенінде орналасқан Кеңкияқ ЖОББМ-нде 1500 жуық оқушы 1-11 класс аралығында білім алады. Жылма-жыл оқушы санының артуына жаңа мектеп қажеттілігі бар.
Сазды-2 мөлтек ауданында 600 орындық мектеп құрылысына бас жоспарға сәйкес жер учаскесі таңдалып, жерге қатысты барлық құжаттары (мем.акт, шешім, жалға алу шарты, мекен-жай анықтамасы) толық әзірленді. Облыстық құрылыс басқармасы мен «Samuryk Kazyna Constuction» АҚ-ның арасында құжаттарды тапсыру алым-берім актісі жүргізілді. 2023 жылдың 27 ақпанында «Samuryk Kazyna Constuction» АҚ-ның меншігіне тіркеуге құжаттары Темір аудандық ХҚКО-на тапсырылды. 2023 жылдың 3 наурызында құжаттары толық дайын болып, жер учаскелері «Samuryk Kazyna Constuction» АҚ-ның меншігіне өтті.
- Шұбарқұдық кентінде орналасқан Ж.Кереев ат.ЖОББМ жай-күйін нақтылау мақсатында «АқтөбеГенСтрой» ЖШС-гі тарапынан 2021 жылы 12 қарашада техникалық сараптама жасалды. Сараптама нәтижесінде ғимарат апатты деп танылды.
Аталған мектептің оқушылары соның ішінде 376 оқушы(1-7 сынып) мектеп жанындағы бұрынғы интернат ғимаратында СЭС рұқсаты негізінде білім алуда, ал 135 оқушы (8-11 сынып) оқушылары Қызылжар ЖОББМ оқиды.
Жайлы мектеп салу бойынша көлемі 1.3 га қосалқы жер алынып және қазіргі таңда Шұбарқұдық ауылдық округ әкімінің 2023 жылғы 17 ақпандағы №70 «SAMRYK-KAZYNA CONSTRUCTION» АҚ- нің теңгеріміне беру туралы шешім шығып, Темір аудандық жер қатынастар бөлімі мен «SAMRYK-KAZYNA CONSTRUCTION» АҚ арасында аталған жер телімін өтеусіз 3 жылға жалдау туралы 27.02.2023 жылғы №7 келісім-шарт жасалды.
Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 10 ақпандағы №66 шешімге сәйкес 02.02.2023 жылы кадастрлық номері 02:031:018:1718 жер актісі алынды.