Темір аудандық білім бөлімінің ресми сайтына қош келдіңіз

 

 

 

Жайлы мектеп жобасы бойынша Темір ауданы Кеңқияқ ауылы Сазды-2 мөлтек ауданында 600 орындық мектеп құрылысына бас жоспарға сәйкес жер учаскесі таңдалып, жерге қатысты барлық құжаттары (мем.акт, шешім, жалға алу шарты, мекен-жай анықтамасы) толық әзірленді. Облыстық құрылыс басқармасы мен «Samuryk Kazyna Constuction» АҚ-ның арасында құжаттарды тапсыру алым-берім актісі жүргізілді. 2023 жылдың  27 ақпанында «Samuryk Kazyna Constuction» АҚ-ның меншігіне тіркеуге құжаттары Темір аудандық ХҚКО-на тапсырылды. 2023 жылдың 3 наурызында құжаттары толық дайын болып, жер учаскелері «Samuryk Kazyna Constuction» АҚ-ның меншігіне өтті.

Жоғарыда аталған Сазды-2 ауданындағы 600 орындық жаңа мектеп  құрылысынығ тапсырыс беруші- «Самұрық Қазына». Құрылысты жүргізуші- «Антариум» ЖШС жоба құны- 4 млрд 200 млн. тг. Қазіргі таңда қазу және бетон құю орнын дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер мекме үстіміздегі жылдың соңына дейін мектептің іргетасын қалап, қабырғаларын көтеруді жоспарлап отыр.