Ағымдағы жылдың 29 қараша күні Темір аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру мектептерінің 9-11 сынып арасында футзалдан (ұл) аудандық ұлттық мектеп лигасының іріктеу кезеңі өтті. Жарысқа 12 команда атсалысып, 100 ге жуық оқушы қатысты. Футзалдан үздік ойын көрсеткен оқушылар: ✓3 Шұбарқұдық ЖОББМ оқушысы Досберген Нұрхан. ✓Қызылжар ЖОББМ оқушысы Тоқтарбай Дархан. ✓ Қопа ЖОББМ оқушысы Халел Бекжан Сайыс қортындысы бойынша:
1-орын — Кеңқияқ ЖОББМ
2-орын — Алтықарасу МБ
3-орын — №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебі
Осы ойындардың қортындысы бойынша, жүлделі орынға ие болған командалар облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!


