ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСЫНДА ҰСТАЗ ТҰРАР 10 қазан күні Темір аудандық мәдениет үйінде «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты ұстаздар мерекесі аталып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Қойшыбаев мерекелік іс-шараның ашылуына қатысып, атаулы мерекемен ұстаздарды құттықтай отырып, ауданымыздың дамуына, озық ойлы, болашақ білімді жастарды дамытуға үлес қосқан ұстаздар Бегимова Рабиға Нағашыбайқызын «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін», Айтмағанбетова Мейрамгүл Әліпқызын «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы төсбелгілерімен және «Сарыағаш» сауықтыру орталығының сертификаттарын табыстады. Темір ауданының білім бөлімі басшысы Азамат Мәлікұлы кәсіби мереке иелерін құттықтап алғыс хаттар мен сыйақылармен марапаттады. Темір ауданының білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағасы Сәбенова Назгүл Жоламанқызы мұғалімдер мен кітапханашыларды, кәсіподақ мүшелері мен есепші мамандарға арнайы сыйлықтар, «Сарыағаш» шипажайына жолдамалар табыстады. Мерекелік іс-шара балабақша қызметкерлері және қосымша білім беру ұйымдарының жәрмеңкесімен толықты. Сонымен қатар жалпы білім беру ұйымдары тарапынан әдістемелік көрме ұйымдастырылып, ардагер ұстаздарға арнап дастархан жайылып, ардагер ұстаздарға гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды. Мерекелік шара аудандық балалар музыка мектебі өнерпаздарының өнерімен жалғасын тапты.
