Темір аудандық білім бөлімінің ресми сайтына қош келдіңіз

 

 

 

 

 

 

 

2023-2024 жылдардың жылыту маусымына Темір ауданының  білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарын сұйық отынмен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен  99 млн 900 мың теңге бөлініп, Еңбекші, Алтықарасу мектеп-балабақшасына, Абай орта мектебіне, Сартоғай, Жамбыл, Бабатай және Ә.Моладағұлова атындағы негізгі мектебіне, «Жанаберген Сағыныш» ЖШС-мен 333 тонна сұйық отынға келісім шарт жасалды. Соған сәйкес, бүгінгі таңда Бабатай 25т, Молдагулова 36,331т, Еңбекші 43т,Абай 6,335т,Алтықарасу 118т,Сартоғай 18,892т  сұйық отын тасымалданды.

Тамыз айында жаңа оқу жылына,соның ішінде жылыту маусымына мектептердің дайындығы зерделеніп, дайын болу актісі жасалды  және қосымша жауапты мамандармен қауіпсіздік ережелері және сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.